Кеше Индер ауданындағы №5 ӨСБ-нің байланыс пунктіне сағат 20:12 минут шамасында Елтай ауылының тұсынан 30 шақырым жердегі «Сазды» қыстағына қарай Тайота Хайлюкс м/н Е 810 EBW ақ түсті автокөлікпен Атырау қаласының тұрғындары жолға шыққаннан оралмағандығы жөнінде хабарлама келіп түседі.
Аталған хабарлама бойынша №5 өрт сөндіру бөлімінен және қарауыл жеке құрамынан 3 қызметкер, екі учаскелік полиция қызметкері шұғыл жолға шығады.
Индер аудандық төтенше жағдай бөлімінің бас маманы Парасат Сақыпкереевтің айтуынша, қыстаққа апаратын жолды ашуға Бөдене ауылдық округіне қарасты трактор автокөлігі шақыртылған.
– Жол ашу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде 20 ақпан күні сағат 01:15 шамасында жоғалған азаматтың қарындасы ағасының «Сазды» қыстағына барғанын, денсаулығына кедергі келмегенін хабарлады, - дейді ол.