Қазіргі таңда Индербор кентінде жол құрылысы мен қоғамдық көліктерді жаңғырту жұмыстарына айрықша ден қойылып келеді.
-Соңғы үлгідегі автобустармен қатынау тұрғындардың жайлы тұрмысына оң септігін тигізеді. Бұл өз кезегінде нақты орны белгіленген, ыңғайлы аялдамаларға деген қажеттілікті көбейтуде. Соған орай 2024 жылы кентке 10 аялдама орнату үшін бюджеттен тиісті қаржы қарастырылған еді. Мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде жеке кәсіпкер «Маукеевпен» келісімшарт жасалды,-дейді Индербор кенті әкімінің орынба сары Қайыржан Нұриев. Жаңа типтегі аялдамалар жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасына сәйкес орнатылады. Кешенді схеманы әзірлеудегі мақсат – елді мекенді қоғамдық көлікпен толық қамтамасыз ету және қоғамдық көліктердің қозғалысын кент тұрғындарының жүріп-тұруына оңтайландыру екенін тілге тиек етті өз сөзінде ол.
Аялдамаларды таза сақтау сала мамандарының ғана емес, тұрғындардың да жауапкершілігін қажет етеді.
С.ҰЗАҚҚАЛИЕВ