Индерде жаңа зауыт салынбақ

Бұған дейін Индер ауданда құрылысқа қажетті гипсокартон өнімін шығарып келген әлемге әйгілі КНАУФ компаниясы  барлық экономикалық тиімді жағын зерделей келе,  енді қосымша құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін зауыт ашуды көздеп отыр.

Компания басшыларының тапсырмасына сай аудандық «ИСИГипсИндер» ЖШС-ның бас директоры Жолдасқали Үмбетияров Ресей, Беларусь елдерінде болып, тәжірибе бөлісіп, зауытқа қажетті құрал - жабдықтар іздестіріп қайтыпты.

-Алайда бір үлкен кедергі бар,- дейді кәсіпорын басшысы. Ол – логистика. Шынында да осыншама өнімді тас жол арқылы көлікпен тасу қыруар шығын. Екіншіден, уақыттан ұтылады.

Сондықтан да оның бірден-бір жолы Индер-Мақат теміржолын қалыпқа келтіру. Қазір онымен тасымал жүріп жатырғанмен, жолдың сапасыздығы көздеген межеден шығара бермейді. Жөндеу қажет. Осы теміржол арқылы әрі қарай ел ішін аралап кетеді.

Дегенмен, «ИСИГипсИндер» ЖШС жаңынан ашылатын жаңа зауыт құрылысы бүгінгі төтенше жағдайға байланысты тоқтап тұрған көрінеді.

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521