ИНДЕРДЕ СИЫРЛАРҒА "ЖАУ ШАУЫП" ЖАТЫР

Бүгін, 23 қыркүйек күні Индер ауданы аумағында үш сиыр теміртұлпардың "құрбанына" айналса, бұдан бөлек тағы бір сиыр құдыққа түсіп кеткен күйі табылды.

Кенттің Аққала мен Батыс Қазақстан облысы аймағына қарасты Харькин елді мекенінің жол бойында үш сиырдың жайрап жатқаны туралы және олардың иесі табылып қалар деген мақсатпен аққалалық тұрғын Ж.Б əлеуметтік желі арқылы ауылдастарына хабарлаған болатын.

Мәліметті анықтау мақсатында аудандық әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Әсет Сапаровқа хабарласқанымызда, оқиға Индер ауданының 312 км шақырымында таңғы 6:47 шамасында орын алғанын растады.

-Орал қаласына жүк көлігімен сапарлап бара жатқан 49 жастағы Е.Б. есімді алматылық азамат қарама-қарсы келе жатқан көлік шамының шағылысуынан жол-көлік оқиғасын жасап, салдарынан 3 сиыр өлді. Алайда адам шығыны болған жоқ,- деді ол. Қазіргі таңда мал иелері іздестіріліп, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, ауданның «Көктем» мөлтек ауданында С.Ж. есімді азаматтың ірі қара малы шарбағы ашық тұрған Тайсойған көшесіндегі 18 үйдің жаңадан қазылған құдығына құлап кеткен.Абырой болғанда халықтың көмегімен шығарылып, иесіне табысталды.

Осындай жағдайлардың бір емес, бірнеше рет қайталанып, адам өміріне қатер төңдіріп, жол-көлік оқиғасына ұрындырып отыруына байланысты халыққа аудандық әкімшілік полиция ҚР ӘҚБтК-нің 633 бабының 2 бөлігінде көзделген тәуліктің қараңғы уақытында малдарын қамауда ұстамағаны үшін 5 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл төлейтінін ескертеді.

Ақмарал ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика