ИНДЕРДЕ ОБЛЫСТЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

Индер ауданында Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Индер ауданының құрметті азаматы, ақын Жылқышиев Қойшығұл Өмір ұлының еске алуға "Тарпаң тағдырлы тұлға" атты облыстық ақындар айтысы өтті.

Шараны аудан әкімі Дарын Шамұратов ашып, айтыскерлерге сәттілік тілесе, айтыс ардагері Жаниба Қарасаева  ақындарға батасын берді.
Дүбірлі додаға облыстан 16 ақын өзара айтысып, бабы мен бағы қатар шапқандар жеңіс тұғырынан көрінді.
Сөз жүйріктерінің додасында  атыраулық Серікбол Панабердиев бас жүлдені қанжығасына байласа, қызылқоғалық Батыржан Кәдірбай бірінші орынды жеңіп алды. Ал, индерлік Жәнібек Садыров екінші, қызылқоғалық Салауат Кәрімұлы үшінші орынға ие болды.
Барлық айтыскерлерге Диплом, алғыс хаттар мен арнайы байрақтар табыс етілді.

Ж.НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT