Индерде «Махамбет оқулары» басталды

 

Бүгін Индер ауданына қарасты Жарсуат ауылында Атырау облысы білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау орталығының» ұйымдастырумен оқушыларға арналған «Махамбет оқулары» байқауы басталды.

Республика күніне орай ұйымдастырылып отырған шара екі күнге созылады. Байқауға Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты, белгілі ақын Қойшығұл Жылқишиева бастаған, Қазақстан Республикасы күйшілер одағының мүшесі, домбырашы Жәнібек Жәмиев қостаған әділқазылар төрелік етуде.

whatsapp-image-2022-10-20-at-10_08_27

Сайыскерлер байқау барысында 5 турдан тұратын сыннан өтетін болады. Айталық, «Ұлы арман» аталымында олар Махамбет шығармалары бойынша иллюстрациялық сурет салса, «Ел құтқарар ер едім» атты екінші кезеңде ақын шығармаларын жатқа айтудан сыналады. Ал, «Шашақты найза, шалқар күй» аталымында батырдың күйлерін орындауы, «Тартынбай сөйлер асылмын...» атты бөлімде өз өлеңдерін мәнерлеп оқуы тиіс. Соңғы, яғни «Біз неткен ер, неткен ер, Сергелдеңмен өткен ер» атты бөлімде хандар мен ел билеушілердің, батырлардың бірін таныстыру арқылы қорғайды.

Махамбет мектебі базасында ұйымдастырылып жатқан шараға келгендер алдымен батыр атындағы муйзеймен танысып шықты.

Бұдан соң Индер аудандық білім бөлімінің басшысы Орынша Ділмұқашева алғыс сөз сөйлеп, сайыскерлерге сәттілік тіледі.

Бұдан соң Индер балалар өнер мектебі оқушыларының «Баламайсан» оркестрі Сейілхан Құсайыновтың «Мерекесі» мен Сүгірдің «Ыңғайтөк» күйлерін күмбірлетті.

Өз кезегінде Республикалық Махамбет қорының тете-президенті Қойшығұл Жылқышиев пен «Таланттарды анықтау және қолдау орталығының» директоры Руслан Сарбалин құттықтау сөз сөйлесе, Махамбет өмірінен сыр шертетін Маржан Ершудің «Дала-дауыс» тарихи драмасынан сахналық қойылым қойылды. Оны осы мектеп жанынан құрылған «Жас қанат» драма үйірмесі сәтті орындай білді.

Айта кетейік, шараға 5-сыныптан жоғары оқитын 58 бала қатысып жатыр.

Ертең олар түске дейін Махамбет мазары басына тәу етеді. Ал, түс ауа жеңімпаздар марапатталып, шара салтанатты түрде жабылады.

whatsapp-image-2022-10-20-at-10_08_33

«Дендер-ақпарат»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521