Индерде құтқарушылар аялдамасы ашылады

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдық мерейтойына орай Индербор кентінде «Құтқарушылар аялдамасы» салынды. 

 

Жаңадан салынған аялдамада өрт қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік, тұрмыста кездесетін қауіп-қатерлердің алдын алу жөніндегі ақпараттық баннерлер мен нұсқаулықтар орналастырылған. 

 

Мұнда тұрғындар күнделікті күтіп тұрған сәтте өздеріне пайдалы мәліметтермен танысып, қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға мүмкіндік алады.

 

Айта кетейік, «Құтқарушылар аялдамасы» ауданның адам көп шоғырланатын аумағына — аудандық мәдениет үйі, АБК кеңселер ғимараты, балалар-жасөспірімдер спорт кешені және №5 өрт сөндіру бөлімі орналасқан маңға орнатылды. Бұл өз кезегінде ақпараттық материалдардың барынша көп тұрғынға қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.

 

Сонымен қатар, «Құтқарушылар аялдамасы» – қауіп-қатердің кез келген түрінде алдыңғы шепке шығатын құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің кәсібилігі мен жанқиярлығы қоғам назарында екенін айшықтайды.

 

Аялдама Индер ауданы тұрғындары үшін ғана емес, барлық келушілер үшін қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға үлес қосатын ерекше белгі, қоғамға пайдалы нысан болмақ.

 

Индер ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT