Индерде кешенді оқу-жаттығу жиыны басталды

Бүгін Индер ауданы аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында кешенді оқу-жаттығу бастау алды. 
Алдымен аудан активімен кеңес өтіп, оған Индер  ауданы әкімі Дарын Шамұратов пен Атырау облысы  төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс басқарма офицері Ардақ Утенов қатысты. Кеңесте кешенді оқу –жаттығу штабының мүшелерімен төтенше жағдайларды жоюға күштер мен құралдарының дайындығы тыңдалды. 
21-23 маусым аралығында өтетін кешенді оқу-жаттығу жиыны  кезінде  ауданда бірнеше рет дауылды дабыл беріліп, мүмкін болатын төтенше жағдайды ауыздықтауға  түрлі деңгейде оқу-жаттығу өтеді.  
Жаттығу жиыны  барысында  аудан көлемінде бірқатар шектеу шаралары енгізілмек.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521