Құрметті БАҚ өкілдері!
Сіздерді 2024 жылғы 31 қазанда сағат 10:00-де Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор ауылы, «Көктем» қазақ орта мектебінде өтетін ауыл оқушылары үшін IQanat Олимпиадасының бірінші турының ашылуына қатысып, ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз.
IQanat олимпиадасы Атырау облысының барлық аудандарында өтеді және 1850 қатысушыны қамтиды.
Дәстүрлі тестілеуден айырмашылығы, біздің тапсырмаларымыз оқушылардың логикалық, математикалық және кеңістіктік ойлау, оқу сауаттылығы және қазақ тілін меңгеру сияқты қабілеттерін бағалауға бағытталған.
Олимпиаданың бірегейлігі – академиялық жетістіктер мен мектептегі бағаларға қарамастан, әркімнің іріктеуге қатысу мүмкіндігі бар.
2024 жылы IQanat олимпиаданы жетінші рет өткізіп жатыр, биыл Қазақстанның 170 ауданынан 56 мыңнан астам ауыл оқушысы тіркелді.
Бірінші тур барысында облыстық кезеңдерге қатысушылар іріктеліп алынады, олардың жеңімпаздары 2025 жылдың жазында финалда кездеседі. Финалистерді қарқынды білім беру бағдарламасы күтеді, оған ағылшын тілін оқыту, IT жобалары, менторлық, кәсіптік бағдар беру, ҰБТ, IELTS және т.б. дайындық кіреді. Осындай күшті академиялық дайындықтың арқасында IQanat бағдарламаларымен қамтылған балалар Қазақстанның және шетелдің үздік университеттеріне грантқа түседі. Қазір IQanat түлектері әлемнің 17 елінде білім алуда.
IQanat – 150-ден астам қазақстандық кәсіпкердің Қазақстанның барлық өңіріндегі ауыл оқушыларын қолдауға арналған әлеуметтік-білім беру жобасы.
Жоба туралы қосымша ақпаратпен iqanat.kz сайтында және @iqanat.kz Instagram аккаунтында танысуға болады.
БАҚ үшін байланыстар: Атырау облысы бойынша координатор – Сауле Далуовна, 8707 543 2997