ИНДЕРБОР "ҚОҚЫС ҚАЛАСЫНА" АЙНАЛА ЖАЗДАДЫ (ВИДЕО)

Күн санап қарыштап өсіп келе жатқан Индербор кенті өз қоқысына өзі бөгіп, күнде кешке таман оның зиянды түтініне уланып отырғаны жөнінде аудан тұрындарының жанайқайы биліктегілерді де бей-жай қалдырмады. 

Атыраудан экология департаменті басшысы Әлібек Мұратұлы Бекмұқамбетов арнайы келіп, аудандық қоғамдық кеңестің комиссия мүшесі, эколог Марат Мұқанов, аудандық "Дендер" газетінің бас редакторы, аудандық мәслихаттың депутаты Жанай Амантурлин, аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Иманғазиев, кент әкімі Асхат Аймұратов, "Жасыл Аймақ" ЖШС директоры Әнуар Кенжеев, тағы да басқа жауапты лауазым иелері  қоқыс жайылған аймақты аралап көріп, көп кемшіліктермен жақынырақ танысты.

shara-alyndy

Жағдай кісі күлерлік емес, жыларлық, тіпті қос қолдап шашты жұларлықтай төзгісіз күйде екен.  Кәдімгі вулкан кезіндегі ыстық лавадан атқылаған шоқтай кенттің шығысқа беттеген, тіпті байырғы ДСУ-дың да сыртын айналған барлық жолдар мен тұтас аймақты бітеп, түтіндеп, қоқыстар орталыққа қарай асығып келеді. Көктем таласа көктей бастаған әр жусанның түбі мен басы целлофаннан бір-бір "орамалдарын" тартып алғандай дәрменсіз.

Әнебір жылдары осы қоқыс алаңы бойынша төтенше жай жарияланып, барлық көліктер мен техникалар жұмылдырылып, біраз шаруа атқарылған да еді. Бұл аймақтар жылма-жыл айлық сайын ұйымдастырылатын сенбіліктер мен жексенбіліктер кезінде бір тазаланып қалмаса, басқа шаруаның бәрі осы маңға жауапты құрылымдардың құзырында қалатынын аңғартып тұр.

Қ о ғ а м д ы қ кеңес мүшелері бар топ қоқыс алаңына барған мезетте мұнда "Атыраужолдары" кәсіпорына қарасты бір жеңіл машина қоқысын төгіп, қызметкрелері оны өртеп жатқанда үстінен түсіп, жедел шарасын алды.

Сондай-ақ, тексерістен соң шұғыл жиын өтіп, экология департаментінің басшысы Ә.Бекмұқамбетов орталықтағы бұл иесіз қоқысты тегістеп, жоюдың жедел шарасын алуға, 16 гектар , тағы басқа алаңдардың тиісті аймағын нақты анықтап, етек-жеңін жинақтау, ал "ИСИгипсИндер"ЖШС қоқысын төгетін аймақ бойынша жеке тексеру жұмыстары жүріп жатқандығын жеткізіп, заңсыз қоқыс төккендерге тексеріс қорытындысына сай шара қолданылатынын айтты.

Аудандық қоғамдық кеңес жанындағы комиссияның төрағасы Сүйеу ХАЛЫҚОВ,

эколог Марат МҰҚАНОВ,

аудандық мәслихаттың депутаты Жанай АМАНТУРЛИН,

Индербор кенті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521