Индер дайындықты күшейтті

Жылдағыға қарағанда биылғы жылы Жайық өзенінің келу мөлшері өседі деген алдын ала болжам жасалуда. Осыған орай Индер ауданы әкімдігі мен төтенше жағдайлар жөніндегі бөлім бірлесіп іс-шаралар жоспарын жасақтап, өзеннің қауіп төндіретін аумақтарындағы су бөгеттерін қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыруда.

Барлығы 34 мыңға жуық халық мекендейтін Индер ауданында қарасты өзеннің аумағы 147 шақырымды құрайды. Ауылдық округтер мен елді мекендерге арнайы кезекшіліктер ұйымдастырылып, бірқатар жұмыстарға еріктілер тартылуда. Биылғы су тасқынының көлемі 1994  жылғы тасқыннан кем болмайды деп күтілуде. Сол тасқын кезінде аудандағы Құрылыс, Жарсуат ауылдық елді мекендерін су шайып кеткен болатын. Осыған орай аталған аумақтағы жұмыстарға баса көңіл бөлінуде.
-Қазір ауданға қарасты 7 ауылдық округ бар. Жеті ауылдық округте 18 мың 950 метр болатын бөгет бар. Сонымен қатар Көктоғай, Өрлік, Есбол ауылдық округтерінде жұмыстар қарқынды жүруде. Бөгеттерді көтеру жұмыстарына 33 арнайы техника, 190 астам еріктілер және төтенше жағдайлар қызметкерлері жұмылдырылуда,-дейді АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМНІҢ БАСТЫҒЫ ӘДІЛ ҚОҢҚАЕВ.
Төтенше жағдай кезінде халықты хабардар ету мақсатында 11 дана құлағдар қылу құрылғылар орнатылып, дайындық режиміне келтірілген. Сондай-ақ қауіпті жағдай туындай қалған сәтте аудан бойынша 11 жиналу-көшіру пунктері құрылған.
Айта кетейік өткен жылғы су тасқыны кезінде Жайық өзеніні деңгейі 4 метр 20 сантиметрге дейін көтерілген. Нәтижесінде аудандағы 22 су тоғанның 18 су жиналған. 
СҰҢҚАР КӨШЕКОВ, 
ИНДЕР АУДАНЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521