Индер ауданындағы қауіпті аймақтарда ахуал тұрақты

19 мамыр күнгі мәлімет бойынша, Индер ауданында қауіпті аумақ болып саналатын Жарсуат пен Құрылыс ауылдарында Жайық суы бөгетке келіп тұр. Алайда, бөгеттердің жарылып, су кету деректері тіркелмеді. Дегенмен, қауіпті аймақта тұрған аталған ауылдарда әскери қызметкерлер мен ТЖД мамандарын қоса алғанда, 186 адам жағалауда қауіпсіздікті қамтамасыз етуде. Және 5 ауыр техника бар. Айта кетелік, Жарсуатта 6,9 шақырым, Құрылыс ауылында 5,6 шақырым бөгет соғылды. 📍Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT