Индер ауданында Тәуелсіздік күні тойланды

Ата-бабамыз аңсаған, елімізге еркіндік сыйлаған Тәуелсіздік мерекесіне орай аудандық жаңа мәдениет үйінде «Армандаған ата-баба мұраты, Тәуелсіздік елдігімнің шын аты» тақырыбында мерекелік шара өтті.

Алдымен еліміздің ең ұлық мерекесіне жиылған жұртшылықты аудан әкімі Мейірім Қалауи құттықтап, Тәуелсіздік жылдардағы қол жеткізген жетістіктерге тоқталды.

-Бабалар армандаған ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қол жеткізген Тәуелсіздігімізге 28 жыл болды. Бүгінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында еліміз түзеу жолға түсіп, экономикамыз қарыштап дамып, осы жыл ішінде терезесі тең әлемдегі елдермен бірдей тұратын Тәуелсіз Қазақстанды құрдық. Бұл үлкен жетістік. Ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан Әбіш Кекілбайұлы «Бодандық бізді қалай сынаса – бостандық одан да қатты сынайды» деген болатын. Сондықтан біздің алдымызда көптеген міндет тұр. Сол мінеттерді атқаруда еліміздің халқының, облысымыздың, соның ішінде біздің аудан тұрғындарының еңбегі, күш-жігері, қайраты жеткілікті деп есептеймін. Мереке қарсаңында отбасылырына амандық, өздеріңізе жақсылықтар тілеймін,-деді өз құттықтауында.

glavn77

glavn5

Сондай-ақ бұл күні «Нұрбол» ШҚ басшысы Д.Мұхатовқа, «ИсиГипсИндер» мекемесінің дәнекерлеушісі Т.Қоңырбаевқа, аудандық мәслихат депутаты А.Доспаеваға облыс әкімінің, Индер газ тарату шаруашылығының темір шебері Н.Байғабылов пен С.Сейфуллин атындағы орта мектептің мұғалімі Д.Сұлтанғалиеваға «Құрмет грамотасын», «Аққала-Мәдениет» МҚКК директоры К.Изимовке аудан әкімінің, аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Ә.Сапаров пен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы П.Сақыпкереевке «Нұр Отан» партиясының Алғыс хатын табыс етті. Ал ауданның «Құрметті азаматы», аудандық мәслихаттың әр шақырылымының депутаттары С.Базарбаев, Ө.Нұриев, Е.Көшек, Т.Биғазиев, С.Ғалым және О.Баетова, Т.Азанов, С.Халықов «Қазақстан Республикасы Мәслихатына – 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

glavn1

glavn8

glavn6

Сонымен қатар мерекелік кеште аудандық мәслихат хатшысы Бағдат Сапаров аудан тұрғындар айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірген соң, аудандық көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің арнаулы пән оқытушысы С.Бисенғалиевқа, халыққа қызмет көрсету аудандық бөлімшесінің басшысы Р.Батыровқа, аудан әкімі аппаратының ақпараттық технолог маманы Д.Мадиярға облыстық мәслихаттың, ал аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің инспекторы Н.Жекеноваға, аудандық прокуратураның қызметкері С.Базарбаеваға, «Индер-Су» ШЖҚ КМҚ су тазалау қондырғыларының операторы Н.Жиенғалиға аудандық мәслихаттың Алғыс хатын табыстады.

glavn3

dsc_2020

Мерекелік шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына жалғасты.

Диас АЙБАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521