Индер ауданында мерекелік жәрмеңке өтті

Ұлыстың Ұлы күні —21 наурыз мерекесінде Индербордағы "Алға"  базарында ауыл шаруашылығы  жәрмеңкесі өтті.

Күннің қарасуығына қарамастан таңғы сағат тоғыз жарымнан бастап жәрмеңкеге жиналған тұрғындардың қатары көбейе бастады.
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы  Тоғайбай Салахадиновтың айтуынша, бүгінгі жәрмеңкеде  бірқатар шаруа қожалықтар өнімдерін күнделікті базар бағасынан арзанға саудалауға. Айталық,  "Весна"  (А. Матвиев)  шаруашылығы сәбіз бен қызылшаны 150 теңгеден,  "ИндерАгро"  (В.Мақанова)  пиязды 100 теңгеден,  "Ақбасов" (Қ.Ақбасов)  кәсіпкерлігі картопты 240 теңгеден ұсынуда.

zharmennkeeeee

—Ал біздегі шұжық өнімдері жылқы мен сиыр етінен жасалған халал. Әр аптаның сейсенбісі мен бейсенбісі Индерге әкеліп саудалап жүрміз, —дейді Атыраудан келген "Ақжайық"  шаруашылығының өкілі М.Омаров.

Көршілес Құрманғазы ауданынан "Амангелді" шаруашылығының балық өнімдерін де индерліктер кезекке тұрып көп саудалады. Қымбаттау көксеркеден гөрі, келісі 300 теңгелік  карасты көбі дорбалап алып жатты.

— Ауданда азық-түлік дүкендерде балық өнімдері бар,  бірақ қымбаттау. Бұл шаруашылық бізге қарағанда аз да болса арзандау болғасын аламыз.
Жалпы соңғы кезде азық- түлік өнімдері өсіп бара жатқаны алаңдатады. Ал жалақы өсетін емес,  -дейді Айгүл атты тұрғын.

-Ия ауыл шаруашылық өнімдерінен аз да болса арзандау өнімдер бар екен. Бірақ өзім арзанға сүт,  қаймақ аламын ғой келіп едім. Алайда оның дені бұрынан саудалап тұрғандар екен. Ал  жаңа түскені көрінбейді, -дейді Әсем атты тұрғын.


С. САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521