Индер ауданында қауіпті аймақтарда 33 жүкті ана бар

Қазіргі уақытта жеңілденетін күні жақындаған бір ана Атырау қаласына жіберілген.

Мамыр айында босануы күтіліп отырған Жарсуатта 9, Құрылыста 4 жүкті ана бар.

"Индер ауданы бойынша 258  жүкті ана есепте тұр. Оның ішінде, Жарсуат, Құрылыс ауылдарында 33  жүкті ана бар. Қазіргі уақытта үшінші триместрдегі жүкті аналарды ерекше бақылауға алып отырмыз. Тасқын қауіпі төнген жағдайда күні жақындаған аналар орталық ауруханаға эвакуацияланады. Бұдан бөлек, үй жағдайында  ем алып, төсек тартып жатқан науқастар шұғыл эвакуацияланып, аудандық орталық аурухана мамандарының күтіміне алынады" деді Индер аудандық ауруханасының директоры Анаргүл Доспаева.

Сондай ақ, Индер ауданы бойынша эвамедициналық бригадалар құрылып жатыр.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521