Индер ауданында каналдарға су толық көлемде берілуде

Бүгінде Жайық өзенінен «Қазсушар» РМК Атырау филиалының Индер өндірістік учаскесі арқылы биыл бес жүзбелі насос арқылы жалпы ұзындығы 302 шақырым болатын Бағырлай, Ақсай, Алғабас-Жорық, Құрайлы-Сай каналдарына су толық көлемде беріліп келеді.

Ал 26 шаруа қожалығы мен кәсіпкерлер 196 гектар егістікке су пайдалануға, 6 ауылдық округ пен кент әкімдері жайылымдықты суландыруға келісім-шартқа отырған. Қазіргі таңда "Алғабас-Жорық" каналына өткен жылдан бастап қайта жаңғырту жұмыстары басталса, осы жылдың шілде айының соңына дейін оны толық аяқтап тапсырылуы күтілуде.

dsc_1143

Бұл құрылыс жұмыстарын «Сұңқар-Құрылыс» ЖШС атқаруда. Қалған каналдардың жобалық-сметалық құжаттары жасақталуда. Бұл жөнінде Қазсушар» РМК Атырау филиалының Индер өндірістік учаскесінің басшысы Сайлау БАЙБОСЫНОВ:

-Бұл құжаттарды жасақтаумен конкурс жеңімпазы болып анықталған «Казюжгипроводстройпро-ект» ЖШС айналысуда. Жобалық-сметалық жұмыстарын жасақтау ісі осы жылы аяқталуға тиіс. Күні бүгінге барлық каналдарға су толық жеткізілді. Су жеткізуде қысқы ауа райының қарсыз, жазғы мезгілдің ыстық болуы өзінің кері әсерін тигізуде. Ал бастысы Жайық өзенінің жылма-жыл суы тартылуы да жұмысымызға көп қиындық келтіруде. Дегенмен, бүгінде мекемеде 43 қызметкер өздерінің қажырлы еңбектерімен, судың үздіксіз жеткізілуіне үлестерін қосуда,-дейді.

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз