Индер ауданында 7 мыңға жуық мал эвакуацияланады

Индер ауданында үй жануарларын қауіпсіз аумаққа көшіру жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы.
Қазіргі уақытта арнайы бөлінген орындарға 5000-нан астам ұсақ мал және 1700 ірі қара мал көшіріледі. Үй жануарларын көшіру жұмыстары Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі және ауылдық округ әкімдіктерінің мамандары қатысады.
Сондай-ақ, қауіпті орындар белгіленіп, ықтимал су тасқынының арнайы картасы әзірленді.
- Қауіпсіз аймақтардың координаттары белгіленді. Бүгінгі күні Құрылыс және Жарсуат ауылынан қауіпсіз жерге қой малы шығарылуда. Сонымен қатар, Жарсуат ауылында малды көшіру орындары да анықталады, - деді Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Абай Әбдіров.
📍Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521