Индер ауданында 2024 жылы 36 жол-көлік оқиғасы  орын алған

Жол-көлік оқиғасының зардаптары!

Аудан көлемінде 2024 жылы 36 жол-көлік оқиғалары  орын алған, оның салдарынан 81 тұлға зардап шеккен, 73 азамат әр түрлі дене жарақаттарымен ауруханаларға жеткізілген, 8 адам қаза болған, оның ішінде 1 кәмелтеке толмаған қаза болған. Ағымдағы жылдың өткен мерзімінде барлығы 8 жол-көлік оқиғасы оырн алып, 20 тұлға зардап шеккен, 16 азамат жарақат алып, 4 тұлға қаза болған.

Қаза болу оқиғаларына бірден-бір себеп ретінде жылдамдықты асыра пайдалану және көлік ішіндегі жолаушылардың қауіпсіздік белдіктерін тақпауы салдарынан оқиға кезінде көліктен шығып кету жағдайларынан орын алғандығы тергеумен дәлелденген.

Бұдан бөлек ауданда ағымдағы жылы алкогольдік масаң күйде көлік басқарған 12 тұлға 15 тәуліктен 20 тәулікке дейін сот қаулысымен әкімшілік қамауға алынып, көлік басқару құқықтарынан 7 жылға және де өмірбақи  айырылған.  

Ал, басқару құқығынан айырыла тұра көлікті масаң күйде қайта тізгіндеген 2 жүргізушіге қылмыстық іс қозғалып, 1 тұлғаға   сот үкімімен 1 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасына сотталып, жанұясынан ажыратылып, жаза өтеу колониясына жөнелтілсе, келесі тұлғаға қатысты қылмыстық іс сотқа қарау үшін жолданды.

Сонымен қатар, аудандық сотпен 2024 жылы жол-көлік оқиғалары салдарынан кәмелетке толмағандардың қайтыс болуына әкелген 2 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылған.

Аталған жүргізушілердің біреуіне  2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, екінші жүргізушіге 5 жыл  мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жол көлік оқиғаларының тағы бір себебі бұл аудан, қала аралық азаматтарды тасымалдауды жеке жүзеге асыратын такси нысанындағы жүргізушілердің жылдамдықты асыра пайдаланып, басып озу, қарсы бағытта жүру және арақашықтық талаптарын сақтамауынан орын алуда.

Сондықтан, көлік жүргізу, басқаруға беру кезінде көлік иелері мен  жүргізушілерді және сапарға шыққан жолаушыларға жолда жүру ережелерін мұқият сақтап, техникалық қауіпсіздік талаптарына асқан мән беріп өзіңіздің және жақын адамдарыңыздың өмірі мен денсаулығын бағалау қажет.

 

Индер ауданының прокуратурасы

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT