Индер аудандық соты мен аудан әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

Атырау облысы Индер ауданы тұрғындарын сотқа арызбен жүгінушілер арасында өз шешімін таппаған өзекті мәселелер алаңдатуда. Кейбір өзекті мәселелер мемлекеттік және өзге де органдармен, ұйымдармен, мекемелермен бірлескен іс-шаралар өткізіп,тиісті түрде насихат жұмыстарын жүргізгенде ғана нәтижесі болатыны анық.

ol-oyu

Атап айтқанда, 2019 жылдың 12 айында сотқа некеден ажырасу туралы 61 талап арыз қаралып, аяқталған, ал 2020 жылдың күні бүгінге дейін сотқа 56 талап арыз түсіп,38 талап арыз қанағаттандырылған. Бұған қоса, Атырау облыстық сотынан 2019 жылдың 19 қарашадағы №2399—19—5—20/3103 санды хатпен түскен ҚР Жоғарғы Сотының тапсырмасында, Әкімдіктер жанынан отбасылық дауларды алдын ала реттеу үшін қорғаншылық және қамқоршылық органын, медиаторлардың, психолог, адвокат, жастар істері бойынша бөлімді қатыстыруларымен отбасылық кеңестерді құру көрсетілген.

zhanat

Осы тұрғыда ерлі-зайыптылардың дауды өздері шеше алмайтын жағдайға жеткенде, ерлі-зайыптыларға арнайы психологтармен мамандармен бұл қиын жолдан қалай шығып кетуге кеңес беретін және некелері тіркеліп, неке куәлігін қолдарына алғанға дейін отбасылық өмірдің қиындықтары туындаған сәтте, отбасы беріктігін сақтап қалу, неке және отбасы құндылықтары жөнінде түсінік беріп, сұхбаттасу жүргізетін арнайы отбасылық кеңестің құрылуы маңызды деген тұжырымға бір ауыздан келіп,ол жөнінде құзырлы органға ұсыныс хат жолданды. Осы жағдайларды зерделей отырып, Индер аудандық әкімдігі жанынан «Отбасылық кеңес» құруға, оның құрамына тәжірибелі психологтар, арнайы мамандар, үлгілі жас отбасылар, «Мерейлі отбасы» сайысының жеңімпаздарын, медиаторларды енгізуге ұсыныс білдірілген хат жолданған болатын.Тиісінше нәтижесі де бар. 

zhiyna

Осы орайда,5 қараша 2020 жылы Атырау облысы Индер аудандық соты мен аудан әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық Меморандум жасақталып, құжатқа аудандық сот төрағасы Жанат Саматұлы Хабаров пен аудан әкімі Мейірім Жоламанұлы Қалауи қолдарын қойып, алға қарай бірлескен нәтижелі жұмыстарын атқаруға ниет білдірілді.

Шара соңында қатысушылар қызу пікір алмасты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521