ИНДЕР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ӨКІМІМЕН САГИНГАЛИЕВ ДАУРЕН АМАНБЕКҰЛЫ ИНДЕР АУДАНДЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Сагингалиев Даурен Аманбекұлы 1991 жылы 12 қаңтарда Атырау облысы Индер ауданы Индербор кентінде дүниеге келген.
Білімі жоғары.
2010-2013 жж. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін және 2016-2018 жж.
Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің маманы болып бастаған.
2014 жылы Индер ауданы бойынша «Даму» кәсіпкерлерді қолдау қорының кеңесшісі.
2014-2015 жж Индер БЖСМ-нің самбо бөлімінің жаттықтырушысы.
2015-2018 жж Кәсіпкерлерді қолдау орталығында кеңесші-маман.
2018-2020 жж Атырау облысы Кәсіпкерлік палатасының кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау бөлімінің 2-санатты сарапшысы.
2020-2023 жж Атырау облысы Кәсіпкерлер Палатасы Индер ауданы филиалының директоры.
2023 ж «AMANAT» партиясы Индер аудандық филиалының атқарушы хатшысы қызметін атқарған.
Отбасылы