ИНДЕР АУДАН ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ!
Индер ауданы Жастар ресурстық орталығының директоры лауазымына Ерғалиев Нұрбол Нұрланұлы тағайындалды.
Өмірбаяны:
Ерғалиев Нұрбол Нұрланұлы 1991 жылдың 15 тамызында Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кентінде дүниеге келген.
Білімі:
• М.Әуезов атындағы орта білім беретін мектептің түлегі.
• 2009-2012 жж. – Атырау Инженерлік Гуманитарлық институты, «Кеден ісі» мамандығы.
Еңбек жолы:
• 2010-2012 жж. – «Біржан-Атырау» локомотив жөндеу депосы мекемесі - заңгер.
• 2012-2014 жж. – «KazStroyServis» АҚ мекемесі - оператор.
• 2014-2015 жж. – «Цесна Гарант» сақтандыру компаниясы - сақтандырушы.
• 2015-2025 жж. – «AMANAT» партиясы Индер аудандық филиалының маманы.
Жаңа басшыға алдағы жұмысына сәттілік тілейміз! Жастар ресурстық орталығының қызметі мен жобалары одан әрі дамып, аудан жастары үшін маңызды бастамалар жүзеге асырылатынына сеніміміз мол!