Газбен жүретін көліктерге арнайы белгі орнатылуы мүмкін

Газбен жүретін көліктердің алдыңғы әйнегіне арнайы белгі орнатылады. Бұл жөнінде "Дендер" газеті ktk.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Төтенше жағдайлар комитеті ондай белгінің нұсқасын жасап, оны қолданысқа енгізу үшін Техникалық реттеу және метрология комитетіне жолдаған. 

Былтыр желтоқсан айынан бастап қалық жетлерде газбен жүретін көліктерге жабық тұрақтарға кіруге шектеу қойылған. Қауіпсіздікке алаңдаған еліміздің төтенше жағдай қызметі заңға осындай өзгеріс енгізді. Себебі, газ баллоны болмашы от ұшқынынан жарылып кетеді. Ал жарылыс болса, көлік түгіл, сол ғимараттың өзіне қауіп төнеді. Сондай-ақ, газбен жүретін көліктердің өзіне де белгі орнату міндеттелуі мүмкін.

Владимир Беккер, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:

- Міне, сондай көліктердің алдыңғы әйнегіне белгі орнатылуы мүмкін. Оны біз Әкімшілік полиция комитетіне жолдадық. Ол бойынша Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережесіне өзгеріс енгізу көзделіп отыр. Соның ішінде осы белгі де болуы бек мүмкін.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521