Фанаттар көбейіп кетті. Қайтпек керек?

Облыстық дін істері басқармасына қарасты ақпарат түсінік жұмыстарын ұйымдастыру және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі басшысы Қалыбек Құбайдоллаев аудан бойынша діни-ақпараттық түсіндіру тобының мүшелерімен кездесіп, пікір алмасты. Жиынды аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Анаргүл Дүйсебалиева ашып, жүргізіп отырған кездесуде ақпараттық топ мүшелері өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Айталық, мемлекеттік қызмет саласының ардагері Серікқали Жұқиев бүгінгі қоғамда кейбір молдалардың «Бұл дүниенің рахатын о дүниеге барғанда көресіңдер» деп өлім туралы жиі айтатындығын көтерді. 

Топ мүшесі, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ақмарал Қосымбаева ақпараттық түсіндіру тобы дегенде бірқатары дінді насихаттау деп түсінетіндігін, ал топтың негізгі мақсатында Отанға, туған жерге деген махаббат, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ана тілге құрмет, жалпы мемлекеттің тұтастығы мен ынтымағына негізделгенін ескере бермейтіндігін айтып өтті.

«Әйіп қажы» мешітінің бас имамы Ералы Қамзағалиев бүгінде дін туралы шаралар ұйымдастырылса негізінен экстремизм, терроризм мәселелері басты тақырыпқа айналып, Ислам діні құбыжық сияқты көрсетілетіндігін, ал дініміздің асыл қасиеттері қалыс қалып жататындығын айтып, алаңдаушылығын білдірді. Аталған мешіттің найб имамы Ерлан Мұратов ортамызда діннің теріс ағымында жүргенде рде барын, оның ішінде кәмелет жасына толмаған балалардың да кездесетіндігін, ал жастайынан осы жолды таңдаған балалардың ертеңгі қоғамға қаупінің зор екендігіне назар аударды.

Аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Әлифолла Балахметов дін мәселесінде пікірталастың өте көптігін, сондықтан бір жақты жауап беру де оңай еместігін, сонымен қатар жиындарға көпшілікті толығымен қамтудың да қиындығын айтып өтті. Қалыбек Құбайдоллаев көтерілген мәселелерді негізге ала отырып, алдағы уақытта ақпараттық топ насихатының форматын өзгерту, кемшін түсіп отырған жерін қамту сынды жоспарларымен бөлісіп, кездесуді қорытындылады.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521