Қамшының сабындай қысқа ғана ғұмырында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлесін қосып, жайдарлы да қалыпты мінезінен танбай, өзіндік өнегелі өмір жолын қалыптастырып, артында ізін қалдырған Тасыбаев Мырзабек Сансызбайұлы туралы өткен шақпен сөз қозғай отыра, қарашаның 23-і күні тірі болса 50 жасқа толар еді деп сағына еске аламыз.
Осыған орай, аудан азаматтарымен бірлесе отырып, ағамыздың рухына арнап 22-23 қараша күндері еркін күрестен халықаралық турнир және 26-27 қараша күндері кіші аяқ доптан аудандық ашық турнир өткізілетінін хабарлаймыз.
«Атамекен» ҰКП аудандық филиалы