Есболда жаңа 320 орындық мектептің құрылысы басталды (ФОТО)

Есбол ауылдық округінде ауданы 6353,83 шаршы метр болатын жалпы орта білім беретін 320 орындық мектептің құрылысы басталды.

Қазіргі таңда жер қазу жұмыстары жүргізіліп, іргетас құюға орын жасалуда.

Мердігер мекеме - «Оңдасын Строй» ЖШС-і, жобаның авторы –«СтройДизайнСервис» ЖШС-і.

fb_img_1621923848614

Екі қатарлы ғимаратта - оқу сыныптары, асхана, кітапхана, медициналық пункт, спортзал, акт залы, мұғалімдер бөлмесі, өндірістік шеберханалар, демалыс орындары және киім ілетін орын қарастырылған. Бұдан бөлек, оқу бағдарламасына қажетті барлық жабдықпен қамтылатын болады.

fb_img_1621923850812

Қ. Есқалиев атындағы орта мектептің директоры Қанатов Руслан Бағытұлының айтуынша, бұған дейін Есбол ауылының балалары 1937 жылы салынған апатты жағдайдағы Қ.Есқалиев орта мектебінде оқып келген.

fb_img_1621923852846

Алайда ескі білім ғимаратындағы оқу кабинеттерінің сыйымдылығы мұндағы 245 оқушының санына сәйкес келмейді. Бұл тиісінше, оқушылардың сапалы білім алуына кедергі келтіруде.

fb_img_1621923854845

Аталған жаңа мектептің құрылысы аяқталып, тапсырылғаннан кейін оқушылардың 2 ауысымда жоғары деңгейде білім алуына мүмкіндік береді.

Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз