Ертегілер елінде жеңімпаз атанды

Облыстық ішкі саясат басқармасы, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен облыстық «Ертегілер елінде» байқауы өткізілді. Оған өңірден 25 үміткер қатысып, жүйріктері жеңімпаз атанды.

Аталған байқауға ауданымыздан қатысқан Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Анэлия Рахметолла (жетекшілері Гүлнар Ахметқызы, Айсұлу Ажгулова) «Немного другой Фрилс» ертегісімен бас жүлдені қанжығасына байласа, аталған мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ардақ Шаймарданова «Ақылы асқан Ақжүніс» ертегісімен алғыс хатқа, ал Қ.Есқалиев атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы Анелла Набиден (жетекшісі Назгүл Абуова) «Беймәлім уақыт» ертегісімен ынталандыру сыйлығына ие болған. Барлығы да арнайы дипломдармен қатар, байрақтармен, естелік сыйлықпен марапатталды.   

whatsapp-image-2022-08-05-at-10_29_17         whatsapp-image-2022-08-05-at-10_29_14
– Мен бала кезімнен өлең шығарғанды, неше түрлі заттарды ойластырғанды жақсы көремін. Ұстазым осындай байқау өткізіледі деген соң, мен де қатысып бағымды сынап көргім келді. Одан кейін облыс бойынша үздік атанғанымды біліп, қатты қуандым әрі анам да бұл жаңалықты естіп, мені мақтан тұтатынын айтты.

Мен өз ертегімде адам әркез өзін қандай болса да қабылдау қажеттігі туралы жаздым және бұл меніңше көптеген адамға ой салады деп ойлаймын, - дейді Анелла Рахметолла.
Баласының әркез жан-жақты дамуға белсенділігін көрген анасы Алеся Есенғалиева бұндай байқау арқылы әр бала өз бойындағы талантын аша алады деген пікірде. Ол биыл 9 сыныпты үздік аяқтап, Ақтөбе қаласындағы медициналық колледжге грантқа оқуға қабылданған екен.    
Байқау жүлдегері Анэлия Рахметолланың шығармасы Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырып жатқан "Ертегілер елінде" байқауының республикалық кезеңіне жолдама алды және арнайы жинаққа жарияланатын болады.     

Жадыра НАРИМАНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз