Ерназар Еуропаны тәнті етті

Таяуда Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Музыкалық өнер» факультетінің III курс студенті, Аққала ауылының тумасы Жұбан Ерназар Мэлсұлы XXIX «Сарандев» жастар арасындағы поп-рок конкурсына қатысып, I орынды жеңіп алды.

Ол биылғы жылы осыған және Прага қаласында өтетін конкурсқа қос жолдаманы ұтып алған болатын. Болгарияда жылда жоғары дәрежеде ұйымдастырылатын байқау тек биыл карантиндік шектеулерге орай онлайн өтіпті.

Жеңімпазымыз ол үшін «Қазақстан» ұлттық телеарнасының сахнасына барып, жоспар бойынша жанды дауыста бірінші қазақ тілінде Ш.Қалдаяқовтың «Құстар», екінші ағылшынша «Skyfall» әндерін орындап, сюжет түсіріп, конкурсқа жолдаған.

- Біз қашықтан оқып жатқандықтан, бұрынғыдай әндерімізге жиі дайындала бермейміз. Бірақ әнші бәріне де дайын болуы керек. Байқауға қатысарда осы себептермен көп дайындықтың жетіспеуінен біраз қиыншылықтар болды, сондай-ақ байқаудың шарты бойынша уақыт та шектеулі болды, - дейді ол байланысқа шыққанымызда.

Ерназар 1996 жылы Аққала ауылында Мэлс Сиплов пен Қалмаш Сиплованың шаңырағында дүниеге келген. Ауылдағы орта мектепті бітірген соң, 2014 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне «Музыкалық білім» мамандығы бойынша оқуға түсіпті. Оны 2018 жылы тәмамдаған соң, арман қуып Алматыға аттанып, аталған академияға аяқ басты. Бүгінде түрлі байқаулардың биігінен көрініп келеді. Ол 2018 жылы Астана қаласында өткен «Мосты согласия» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген республикалық «Үздік студент» жобасы аясында шығарылған «Жас қыран» атты талантты студенттердің I кітап жинағына еніп, арнайы төсбелгімен марапаталған.

Диас АЙБАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521