ҚАЗАҚ «БІРЛІК БОЛМАЙ, ТІРЛІК БОЛМАС» ДЕП БЕКЕР АЙТПАСА КЕРЕК-ТІ. БҮГІНДЕ ИНДЕР АУДАНЫНДА ТҮРЛІ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІ ӨМІР СҮРУДЕ. ОЛАР ҚАЗАҚ ХАЛҚЫМЕН БІТЕ ҚАЙНАСЫП КЕТКЕН. ОСЫ УАҚЫТҚА ДЕЙІН ҚАЗАҚ ЕЛІН ТУҒАН ЖЕРІМ ДЕП САНАЙТЫН БІР ЕМЕС, БІРНЕШЕ ҰРПАҒЫ ӨСІП-ӨНДІ. СОЛАРДЫҢ БІРІ – ЕСБОЛ АУЫЛЫНДА ТҰРАТЫН, ДАРҒЫН ҰЛТЫНЫҢ ӨКІЛІ ЕРАЧИНА ЭЛЬВИРА МУРАДҚЫЗЫ.
Ол қазақ тілінде таза сөйлеп, ойын еркін жеткізе алады. Айтуынша, анасы Баян Тайырова Құрманғазы ауданы Октябрь ауылында дүниеге келген. 8 жылдық білім алған соң, 1988 жылы арман қуып Волгоград қаласына оқуға түседі. Сол жерде 1989 жылы жары Бахмудов Мурад Магомедұлымен таны- сып, отбасын құрады. 1991 жылы Эльвира дүниеге келеді. Алайда,отбасылық жағдайға байланысты анасы қызын алып, туған жеріне келеді.
Кейіпкеріміз Құрманғазы ауданындағы М.В.Ломоносов атындағы орта мектебінің 9 сы- ныбын бітірген соң, Атырау қаласындағы Каспий өңірінің қазіргі замандағы жоғары колледжінде бастауыш сыныпта ағылшын тілі пәні мұғалімі мамандығында білім алды. 2011 жылы жары Борис Ерачинге тұрмысқа шыққан Эльвира – бүгінде алты қыздың анасы. Үш қызы ауылдағы Жамбыл орта мектебінде 7, 6, 2 сы- ныпта оқыса, одан кейінгілері әлі кішкентай.
– Әкем Дағыстан елінің азаматы болса, анам – қазақтың қызы. Әкем жағынан туыстарым өте көп. Олармен телефон арқылы байланысып тұрамын. Өзім орыс тілінде де, қазақ тілінде де еркін сөйлей аламын. Ауылда қазақ отбасында өмір сүрдім ғой. Өз елін, жерін құрметтейтін адам тілді де тез меңгереді деп ойлаймын. Одан бөлек колледж қабырғасында оқыған кезде де қазақ тілін білуге, қазақтың мәдениетін құрметтеуге ерекше мән берілген болатын. Ата-енем бұрыннан Есбол ауылында өмір сүріп келе жатқан адамдар. Ауылға тұрмысқа шыққаннан кейін Жамбыл атындағы орта мектепте мұғалім, балабақшада тәрбиеші, ауыл әкімі аппаратында хатшы болып еңбек еттім. Қазір декреттік демалыстамын. Жолдасым вахталық әдіспен жұмыс жасайды. Алғашында ата-енемізбен тұрсақ, қазір көрші тұрамыз. Отбасымызбен бала тәрбиесіне баса мән береміз. Олардың тәрбиелі, ақылды болып өскенін қалаймыз. Тазалық сақтауды, адаммен дұрыс сөйлесуді, ойын анық жеткізе алуды, білім алудың маңыздылығын әркез айтып отыра- мыз. Биыл ассамблеяның 30 жылдығы. Осы орайда қай халықты да бауырына басып, адал нанын ұсынған қазақ халқына рахмет айтамын. Алдағы уақытта да бірлікте өмір сүріп, ұлтқа бөлінбей тату-тәтті ғұмыр кешейік дегім келеді,- дейді Эльвира Ерачина.
Тілегі бір жұрттың айы оңынан туады емес пе?! Ендеше, бірлік пен ынтымақта бір шаңырақ астында күн кешіп жатқан еліміздің ертеңі мығым болғай!
Жадыра НАРИМАНОВА