ЕЛЕНГЕН ЕҢБЕК

ЕЛ ІШІНДЕГІ ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМДІ САҚТАУҒА ЖӘНЕ РУХАНИ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУҒА ҮЛЕС ҚОСҚАНЫ ҮШІН ЖЕРЛЕСІМІЗ ҚАПЕЗОВА МИРДАНА МАРАТҚЫЗЫ «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА - 30 ЖЫЛ» МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ.

Бұл марапатты Қазақстан халқы ассамблеясының облыстағы кеңейтілген кеңесінде облыс әкімі Серік Шәпкенов табыс етті. Өңір басшысы өткен 30 жыл ішінде ассамблея еліміздің қоғамдық-саяси жүйесінің ажырамас бөлігіне айналып, этносаралық келісім мен бірлікті нығайтуға өлшеусіз үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ кеңес барысында өңірдегі бірлік пен келісімді нығайту, этносаралық қатынастарды дамыту саласындағы жетістіктер мен нәтижелер талқыланды. Айта кетейік, Мирдана Маратқызы - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің мемлекеттік және жергілікті басқару бөлімін аяқтағаннан бері ауданда мемлекеттік қызмет саласында.

Ал Атырау облысы ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылғаннан бері Индер ауданы бойынша сарапшы қызметін жемісті атқарып келеді.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT