«ЕЛ АСТАНАСЫ – НҰР-СҰЛТАН»

Еліміздің бас қаласы, еңселі егемендігіміздің тірегі - Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне арналған салтанатты шара осындай тақырыппен орталық мәдениет үйінде өтті.

Онда Индер ауданы әкімі Мейірім Қалауи халықты мерейлі мерекемен құттықтай келе:- Астана қаласының туған күнін белгілеу жөнінде шешімді басшылар, соның ішінде Елбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы шығарып, қол қойған кезде кейбір тұлғалардың қарсы болғанын білеміз. Бірақ уақыт өте келе еліміздің дамуы үшін тарихи шешім болғанына көз жеткіздік. Осы мерекені тойлар кезде Тұңғыш Президентіміздің сарабдал саясатын айтпай өтуге болмайды деп ойлаймын. Қазір барлық қалалар астанаға қарап бойтүзеп келе жатыр. Көше жарығы, асфальттау, ғимараттарды тұрғызған кезде соған еліктейтініміз рас.Қазіргі ауданда жасалып жатқан құрылыс жұмыстарынан да сіздер астананын көрінісін көретін боласыздар деп мен сіздерге айтқым келеді, - дейді.

d

Кейін шарада ел экономикасына өзіндік үлестерін қосып жүрген көп балалы аналар Т.Нарышева, елтайлық Анар Жақсымбетова, жарсуаттық Э.Иманғалиева, Д.Құрманғалиева «Күміс алқамен» наградталса, еселі еңбектерімен еленген «Индер Су» КМК басшысы Қ.Қабдрахман, аудандық көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің өндірістік оқыту шебері А.Құнасова, «Индер орман және жануарларды қорғау жөніндегі мекемесінің» есепшісі Г.Нұрғазиева, «Көктем» қазақ орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, география пәні мұғалімі Т.Есқалиева, ветеринариялық стансасы мал дәрігері Б.Мубаряков аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

d

d

Мың бұралған билермен, күмбірлеген күйлермен, әсем дауыстағы әндермен әрленіп, көрерменді бір тамсантып, көңілдерін көтеріп тастаған шара осылай аяқталды.

Ақмарал ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика