Ең үздік жер жыртушысы анықталды

Аудандық көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжі арнаулы пәндер апталығы аясында болашақ фермерлер арасында «Үздік жер жыртушы – 2019» байқауын өткізді.

Ондағы мақсат - кәсіптік колледж студенттерінің даярлық деңгейін бағалап, өндірістік оқыту шеберлерін айқындау және жастар арасында жұмысшы мамандыққа деген қызығушылықты оятып, ауыл шаруашылығына қажетті мамандықтардың беделін арттыру.

Байқау «Алғабас-Жорық» каналының тұсындағы «Әділет» шаруа қожалығының базасында ұйымдастырылды. Тәжірибелік мәні зор байқау нәтижесінде бірінші орын және арнайы «Үздік жер жыртушысы» белгісімен Ш.Төлеген марапатталса, екінші-үшінші орынды М.Серікбаев пен С.Саметов тең бөлісті. Оларға шаруа қожалық иесі түрлі бағалы сыйлықтар ұсынды.

 

Толығырақ Дендер газетінің 1 мамырдағы санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521