Дүкенде чек бермесе арнайы органдарға хабарлап, сыйақы алуға болады

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті бақылау-кассалық машина фискалдық чегін бермеу фактілерін анықтауға арналған «Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясын бүгіннен қайта бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясына кез-келген үміткер қатыса алады. Барлық жолданған өтініштер мемлекеттік кірістер органдарында қаралады. App Store немесе Play market-тен «Wipon» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алып, фискалды чекті бермеу бұзушылық фактілері туралы хабарлауға болады.

Фискалды чекті бермеу фактісі расталған жағдайда, телефонның теңгеріміне (1000 теңге) сыйақы беріледі. 2019 жылы азаматтардың хабарлауы бойынша акция жүргізу барысында 940 дерек расталды, оларға 940 мың теңге сомасында сыйақы төленді.

Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының барлық азаматтарын өздерінің азаматтық ұстанымын, заң бұзушылыққа төзбеуге және «Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясына белсенді түрде қатысуға шақырады.

inform.kz

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика