Досжан Меңдігереевты еске алу кеші мен ашық турнир өтті

Индер ауданы мәслихаты ІІ шақырылымының депутаты, энергетик, жергілікті басшы Досжан Ұзақбайұлы Меңдігереевтің туғанына 60 жыл толуына орай аудан әкімдігінің қолдауымен жаңа мәдениет үйінде «Бекзат бейне халқының есіндегі» атты еске алу кеші мен волейболдан ашық турнир өтті.

Еске алу кешінде аудандық мәслихаттың хатшысы Бағдат Сапаров азаматтың жары Айгүл Мажанқызына аудан әкімінің Қастерлеу хатын ұсынды.

Ал ашық турнирге әр ауылдан 8 команда қатысып, бірінші орынды-Бөдене, екінші орынды-Елтай, үшінші орынды Индер көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжі командасы жеңіп алды. Жеңімпаздарға Д.Меңдігереевтің бауырлары бағалы сыйлықтар табыстады.

С.Халықов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521