ДОСТЫҚ ТУЫ ЖЕЛБІРЕДІ

Атырау облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Индер аудандық филиалының есебінен индерлік 16 бала Орал қаласындағы «Самал» туристік лагерінде демалып қайтты. Аталған лагерьде тек қазақстандық балалар ғана емес, Ресейдің Волгоград қаласы, Коми мен Башқұрт республикасы балалар ұйымдарының жетекшілері де жиналды. Олар тек демалып қана қоймай, тренинг пен ойынға қатысып, достықты дамытуға арналған іс-шаралар, спорттық, туристік жиындарда жан-жақты танылып, «Достық көшбасшылығының құрылыс шеберханасы» атты іскерлік ойында бақтарын сынапты. Сонымен қатар, Ресей Федерациясынан келген балалар қазақтың ұлттық ойындарымен танысып, барлығы бірге Орал қаласының көрікті жерлерін, ат спорты кешенін аралап, уақыттарын көңілді өткізіп қайтқан.     
– Біздің әр күніміз қызықты өтті. Басында бұл жерде орысша сөйлейтіндер көп екен деп ойлағанмын. Алайда, ұлтымыз, тіліміз бөлек болса да, бір-бірімізбен тез түсінісіп, достасып кеттік. Ресейден келген балалар ұйымдарының  жетекшілері түрлі ойындар, жарыстар ұйымдастырды. Мысалы, би жарыстары, «Достық көпірі», «Балалық шақ қаласы» сияқты тренингтер өте қызықты өтті. Бізге көптеген сыйлық берді. Осы лагерьге барғаныма қуаныштымын, - дейді лагерь демалушысы Ерасыл Болатов.     
Лагерь соңында барлық қатысушыларға естелік сертификаттар және белсенді болған балаларға дипломдармен қатар естелік сыйлықтар табысталған.  

Жадыра НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521