Домбыра - халқымыздың асыл мұрасы

Ұлттық домбыра күні кең байтақ еліміздің түкпір- түкпірінде күмбірлеген домбыра үні естіліп жатты.

- Жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңдіру мақсатында аудандағы бөбекжайларда, «Жас өркен» демалыс лагерінде және мектептің жазғы лагерьлерде домбыра күніне арналған шаралар өтуде, - деді аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Анаргул Дюсубалиева.

        Осы орайда өзіміз жолымыз түскен Индербордағы «Айналайын» бөбекжайында домбыраға арналған шараға тап келдік. Бөбекжай тәрбиешісі, жас маман Саягүл Табылды бүлдіршіндерге ұлттық аспаптың қыр-сырымен таныстыруда екен. 

dombyra-ishi

-Кімнің үйінде домбыра төрде ілініп тұр, - деген сауалға бүлдіршіндердің бірқатары қолдарын көтеріп, мақтанышпен айтып жатты...

- Домбыра күніне арналған шара бізде тұрақты өтеді. Карантинге байланысты кең қамти алмағанымызбен «Нұр бала» тобында арнайы шарамызды өткізудеміз. Қазақтың құдыретті аспабын бүлдіршіндер жасынан біліп өскені жөн, - деді «Айналайын» бөбекжайының директоры Светлана Жанғалиды сөзге тартқанымызда.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз