«ДОМБЫРА ДАСТАН» ДЕП АТАСАҚ ҚАЙТЕДІ?

Биылғы шілде айының үші күні аудан орталығы Индербор кентінде домбыра күніне арналған мерекелік шара аудан халқына үлкен қуаныш сыйлады.

Аудан әкімі Дарын Шамұратовтың ұсынуымен арбатта тұрқы жеті метрлік «Домбыра» монументі бой көтерді. Монументті ҚазССР-не еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Абдолла Мұсағалиевтің 90 жылдығына орай «Абдолла домбырасы» деп атап, төменгі жағына 1958 жылы Москваға өнер дека дасына барған өнерпаздардың есімдерін жазған. Ел қуанған игілікті іс болды. Қуанышымызды жасыра алмай шартарапқа жариялап та жібердік. Енді мұның сәл байыбына бойлайық...

Монументті «Абдолла домбырасы» деп, жеке адам аты мен атамай, декадаға өзімен бірге барған өнерпаздарға арналғандай ескерткіш ата уын «Домбыра дастан» десек, міне, бұл өмірден өткен өнерпаздарға құрмет бо Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС лар еді. Домбыра - ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ , дом быра - РУХ, домбыра - НАМЫС. Бұл – ақиқат, бұл – шындық. Олай болса құндылықтарды жеке тұлғалардың атына телудің немесе атын берудің қисыны бар ма?

Осы күнге дейін «Құрманғазы дом бырасы», «Дина домбырасы» деп ата латын монументті ескерткіш болған емес, болатын да қисыны жоқ. Әрине, ұлыларымыз да құндылығымыз, бірақ дом быра мен күйден биік емес. Тұлғалар ке лер, кетер. Ал құндылық қалады. Ұлт – өзінің құндылығымен ұлт болып сақталатыны бәрімізге аян. Жіберген қателіктер болса «көз көрді, көңіл көнді» болмасын. Құндылықтарымызды қорғап, тарихи та нымын, тәрбиелік тәлімін келер ұрпаққа таза күйінде жеткізейік, ағайын! 

Жұмаден ТӘЖІҒАЛИ,

музыка маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT