Діни сауатты болған жөн

Дін саласындағы ақпараттық насихаттық топ көп бейінді ауылшаруашылық колледжінде студентермен кездесті. Кездесуді насихаттық топтың хатшысы, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Мөлдір Темірғалиева ашып жүргізіп отырды.

Атырау облысы дін істері басқармасының ақпарат, түсінік жұмыстарын ұйымдастыру және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі басшысы Қалыбек Құбайдоллаев сөз алып, жат діни ағымдардың таралуына қарсы күрес бағытындағы қауіпсіздік мәселелеріне тоқталды. Мысалы, түрлі діни топтардың идеологиясын насихаттайтын материалдарды таратқан адамға заң жүзінде қандай шара қолданылатынын ескертті.

«Әйіп қажы» мешітінің бас имамы Ералы Қамзағалиев соңғы кезде қоғамда қатыгездіктің көбейіп бара жатқанын, әлеуметтік желілерде ұлдармен қатар қыздардың да бірін бірі аяусыз сабап жатқанын айтып, тәрбие мәселесіне ерекше назар аударды.

Топ мүшесі, мемлекеттік қызмет саласының ардагері Серікқали Жұқиев діннің атын жамылып, қоғамның тұтастығын ыдыратуға, мемлекетті басқа бағытты бұруды көздейтін топтардың да бар екенін айтып, сол себепті діни сауатты болудың маңызды екенін жеткізді.

С.БАЗАРБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521