Ағымдағы жылдың 4 наурызында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Салауат Мүксімов жұмыс сапарымен Индер ауданында болды.
Алдымен аудан активімен жиналыс өткізіліп, мемлекеттік қызметтегі соңғы жаңалықтар мен мемлекеттік қызметтің маңызы айтылды. Сонымен қатар, Департамент басшысы С.Мүксімов басты қағида халыққа сапалы әрі уақытылы қызмет ету екендігін қадап айтты. Саяси қызметшілер мен мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бағыныстағы қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілігі мәселелері бойынша түсіндірме берілді.
Жұмыс сапарында Департамент басшысы Индер ауданының ардагерлерімен де кездесіп, сауалдарына жауап берді. "Азаматтарға арналған Үкімет" АҚ Индер ауданы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы мен Индер ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының жұмыстары мен жай-күйін біліп қайтты.
"Дендер"- Ақпарат