Дәулет - Ұлттық Ұланның сарбазы

«Отан үшін отқа түс - күймейсің» деген Бауыржан батырдың ұлағатты сөзі әрбір жастың жүрегінен орын тауып жатыр десек артық айтпағанымыз болар. Себебі бейбіт кезеңде өз еркімен әскерге барамын деген нағыз ер азаматтар саны жылдан-жылға өсіп келеді. Міне, ел тыныштығын күзетіп, шекарада Отанының амандығын тілеп, азаматтық борышын өтеп жүрген сарбаздардың бірі – Индерборлық Дәулет Бакетов.

Отан алдындағы міндетін орындау үшін жас сарбаз 2019 жылдың 5 желтоқсанында Ұлттық Ұланның Ақтау қаласында орналасқан №5666 әскери бөліміне аттаныпты. Үйдің үлкені Даулет отбасында тәртіпті, бауырларына бауырмал, жанашыр болып өсіпті.

Бала күнінен әкесі Хамидолла мен анасы Фаризаға қолғабыс жасап, үлкенге құрметін, кішіге ізетін аямапты. Аудандағы С.Сейфуллин атындағы орта мектепті 2017 жылы тамамдаған ол арман қуып Орал қаласына аттанып, білімін жалғастырған.

Бала күнінен спорт әлеміне ғашық болған кейіпкеріміз Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжде спорт мамандығында оқи жүріп, өз еркімен аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі арқылы әскерге аттаныпты. Алғашқы күндерінен-ақ жауынгерлік өмірдің қыр-сырына үйренуге зор ынтасымен кірісіп, өзіне жүктелген міндеттерді атқару кезінде белсенді, жауапты азамат ретінде көрсетіпті.

u

-Айбынды әскер қатарында борышымды өтеп жүргеніме қуаныштымын. Әрине, бұл жерде үйдегідей еркіндік жоқ. Тек темірдей тәртіп бағынып, әрбір ісіңе жауапкершілікпен қарайсың. Енді Отан алдындағы әскери борышымды адал атқарып, аман-есен еліме оралған соң, полиция мамандығының иесі атанғым келеді,-дейді жас сарбаз.

Ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан аманат — Отанды қорғау жолында бесаспап жауынгер болып қызмет ету. Сондықтан мұны әрбір жас жете біліп, санасына сіңіріп өсуі тиіс.

Диас АЙБАР

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521