Дауласушылар медиацияны таңдай бастады

Кез келген дауды ушықтырмай бітімгерлікпен шешуде - медиацияның рөліне баса назар аударылуда.

Осы орайда, облыстық соттың судьялары мен медаторлар бар насихаттық топ ауданда болып «Медиацияның артықшылықтары» тақырыбында тұрғындармен кездесті.

Кездесуді аудандық сот төрағасы Дина Тұхфатова ашып, жүргізіп отырса, аудандық соттың судьясы Әділ Құспанов «Дауды шешудің балама жолы – медиация» тақырыбындағы баяндамасымен жалғастырды.

-Сотқа түскен істердің арасында өзара келісіммен бітуге мүмкіндігі бар даулар жетерлік. Мысалы, көршілер арасында жер учаскелерін анықтау, неке бұзу, мүлікті бөлу, қарыз беруден туындайтын арыздар жие кездеседі. Осындай мәселелермен сотқа келгенімен істің шиеленіспей шешілгенін екі тараптың да қалап тұратыны байқалады. Сондықтан да медиация институтының маңызы зор, - деді судья Ә.Құспанов.

Облыстық соттың судьясы Гүлмира Исамберлиева сотқа келген әрбір адам міндетті түрде дауласып, қарсыласын жеңу үшін емес, істің бейбіт түрде шешілуі маңызды екенін атап өтті. Ал Елтай ауылының тұрғыны, кәсіби емес медиатор Тасқали Темірболатов пен аудандағы билер кеңесінің төрағасы Қабижан Қапиз татуластыру бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




ZERO.kz

Яндекс.Метрика