ДАБЫЛ СИРЕНАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ!

 

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ НАЗАРЫНА! 

2024 жылғы 8-9 ақпан аралығында Атырау облысында «Қөктем-2024» Республикалық командалы-штабтық оқу-жаттығу өткізіледі. Аталған оқу-жаттығу шеңберінде азаматтық қорғауды құлақтандыру жүйесіне тексеру жүргізу жоспарланған.

Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, 8 ақпан күні  сағат 09:00-11:00 шамасында (түскі уақытқа дейін) ДАБЫЛ СИРЕНАСЫ іске қосылады. Хабарландыру жүйесін тексеру барысында электр дабылы мен дабылды сөйлеу құрылғыларын қысқа мерзімді қосу, сондай-ақ теледидар және радиоарналардың эфирін ұстап қалу жүзеге асырылады. Бұл іс-шара халыққа «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналына ден қою тәртібін қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

Осыған байланысты, Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарынан «Баршаның назарына!» сиренасы кезінде қорқыныш сезімге берілмей, тыныштық сақтауларыңызды сұрайды.

Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521