Дұрыс таңдау болашағымызды жарқын етпек

Индер аудандық мәслихат депутаттығына үміткер, «Nur Otan» партиясының мүшелері жеке кәсіпкер Ақжібек Сабырғалиева мен аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Жадыра Нариманова аудан тұрғындары және бір топ жастармен кездесіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды.

Үміткерлер аудан халқының әл-ауқатын арттыруға, әлеуметтік қорғаудың жаңа парадигмасын қалыптастыруға, ауданның экономикалық әлеуетін арттыруға, оны көркейтуге, цифрландыруға бағытталған басымдықтары бойынша егжей-тегжейлі ақпарат берді. Сондай-ақ «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы – біз қолға алған реформалардың заңды жалғасы, жаңа бағдарламаның аса ауқымды, бірақ нақты жоспарланған, қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мақсаттар мен бағдарлар жиынтығы екенін айтып, елді жаңғырту мен барша қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін арттыру бағдарын берік ұстанып, сайлаушыларды алдағы сайлауда «Nur Otan» үшін дауыс беруге шақырды.

-COVID-2019 жағдайы еңбек нарығына түзетулер енгізді. Жұмыспен қамту және халықтың табысы саласындағы белсенділікті айтарлықтай әлсіретті. Біліктілігі төмен және тұрақсыз жұмыс істейтін жұмысшылар ең көп зардап шекті. Бұл ретте жұмыссыздық деңгейін 5 пайызға өсіп отыр. Ауданда жаңа инвестициялық жобалары іске асыруға байланысты жыл сайын білікті жұмыс күшіне сұраныс артып келеді. Бүгінгі таңда 3 мыңнан аса бос жұмыс орны бар. «Nur Otan» партиясы әр адам өзіне және отбасына лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуі үшін тұрақты жұмыс орындарының санын ұлғайтуға ықпал етеді. Бұл үшін Партия жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы бойынша 10 инфрақұрылымдық жобаларға 1,7 мың адамды жұмысқа орналыстыру, «Еңбек» бағдарламасы аясында жыл сайын 300 адамды қамтуға, мекемелер мен кәсіпорындармен арасында қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету, жұмыстан босатылатын қызметкерлерді әлеуметтік қорғау және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық меморандумдарға қол қою, еңбек нарығының белсенді шаралары аясында бос орындарға жыл сайын 1 мыңнан кем емес адамды жұмысқа орналастыру, әлеуметтік жұмыс орындарына 90-нан, жастар практикасына 60-тан, ақылы қоғамдық жұмысқа 600-ден, тұрақты жұмысқа 400-ден кем емес адамды, еңбек заңнамасының сақталуына бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу міндеттерін қояды,-дейді ол.

Міне, осы шаралар арқылы 5,3 жұмыс орнын, оның ішінде 2,4 мыңнан тұрақты жұмыс орнын ашуға және жұмыссыздық деңгейін 4,7 пайызға төмендетуге, орташа жалақы деңгейін 117 мың теңгеден 150 мың теңгеге жеткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ 2020 жылға дейін «Іскер ана» жобасы арқылы аспаз, тігінші, шеберлері-бет әрлеуші, компьютерлік сауаттылық бойынша аналарды оқу курстарынан өткізіп, мамандықтар беру шаралары алынады екен.

555

Ал ауданда жастардың әлеуметтенуі және олардың әлеуетін дамыту үшін барлық жағдай жасалды деген аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Жадыра Нариманова 14-29 жас аралығында ауданда 8060 жас барын жеткізді.

-Жастарды қолдау мақсатында жыл сайын 200 кем емес жастарды және «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жұмысын ұймдастыру арқылы жаз мезгілінде 70-ден аса жасты жұмысқа орналастыруға, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша кемінде 15 жас маманды тартуға, волонтерлік жобаларды іске асыруға, жастар мен студенттік ұйымдардың сайлауға бақылаушы ретінде қатысуын арттыруға, студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «Таза сессия» акциясын өткізуге, «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша жастарды жұмысқа орналастыру арқылы жұмыспен қамтуға жәрдем көрсетуге партия қолдау көрсетуге ықпал етеді. Біздің партия аудан тұрғындарының үмітін ақтау, халықтың барлық топтарының мүдделерін білдіру және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады. Біз сіздерді аудандық мәслихат сайлауында «NurOtan» партиясын қолдауға шақырамыз. Біз ауданның әрбір тұрғынының жайлы өмір сүруі дамуы және өзін-өзі жүзеге асыруы үшін барлық мүмкіндіктерге ие болатын бақуатты қоғамды бірге құрамыз,-дейді ол.

Осылайша, әр үміткер сайлауалды бағдарламасымен таныстыра отырып, алдағы уақытта халықпен бірге ауданы одан әрі гүлдендіре беруге атсалысамыз деді. Міне, сондықтан дұрыс таңдау ғана болашағымызды жарқын етпек.

Диас АЙБАР

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Индер ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521