"Бомба қойылды" деп қалжындаған қонақ қолға түсті

Ай-күннің аманында білім беру ошағына "бомба қойылды" деп Индер аудандық полиция бөлімінің 102 телефонына хабарласқан азамат дереу құрықталды.

Индер ауданындағы білім ошақтары түгел тексеріліп, ешқандай қауіптің жоқтығы белгілі болған.

Полиция бөлімінің бастығы Берік Джанзақовтың айтуынша, тәртіп сақшыларының жедел әрекет етіп, оның Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласының 1992 жылы туған азаматы екенін анықтаған. Ол Индербор кентінде тұратын танысына қыдырып келген екен.

Ұсталған азаматтың үстінен Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 273 бабы бойынша алдын ала тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521