Біздің Светлана

Қоғам мен адамзат алдында өлшеусіз еңбегі бар, ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыс атқаратын абыройлы ұстаздардың бірі, ауданымыздың іргелі білім ордаларының бірі – Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Өтеуова Светлана Андирқызы. 

 Жекелеген пән мұғалімдері өз пәнін оқушыға меңгерту жо лында еңбектенсе, бастауыш сынып мұғалімінің ерекшелігі – білім беріп отырған оқушысына жан-жақты білім беретіні белгілі. Осы бағыттағы Свет лана Андирқызының еңбегі нәтижесіз емес. Бірқатар шәкірттері аудандық, облыстық, тіпті республикалық деңгейдегі байқаулардан озық шығып жүр. Атап айтар болсам, республикалық «Ақылды бала» конкурсында шәкірттері Мұхтар Сағындық, Нұрхан Нұржау, Інжу Максим, Алтынай Андрей – І орын, Амина Талғат, Медина Сағынтаева – ІІ орын, Азиз Мади, Азиза Сайын, Иманали Самат пен Рамиль Бисенбай ІІІ орын ие ленсе, аудандық «Зерде» ғылыми жобалар байқауында Нұрәділ Нұролла ІІІ орын, республикалық «Ақбота» зияткерлік олимпиада сында Нұрәділ Нұролла мен Інжу Максим ІІІ орын, «Русский мед вежонок» байқауында Дима Пей чев І орын, «Прекрасная весна» байқауында Мұхтар Сағындық І орын, республикалық «Золо тое руно» байқауында Нұрәділ Нұролла ІІ орын, «В гостях у Пифагора» байқауында Алты най Андрей І орын, Нұрәділ Нұролла, Азиза Сайын, Айшабибі Даулетқызы, Айсұлтан Қуандық, Ерхан Ермек, Ахмадияр Джуму ханбетов, Досхан Самат, Има нали Самат, Інжу Максим ІІІ орын, «Бастау» республикалық математикалық турнирінің аудандық кезеңінде Нұрәділ Нұролла ІІ орын, «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде Иманәлі Са мат ІІ орын, «Кенгуру» олимпи адасында Асылхан Жанбырбай I орын алып, ұстаз мерейін өсірді. Оқушыларымен қатар үздіксіз кәсіби өсу үстінде жүрген ұстаздың өз жетістіктері де бар. Айталық, республикалық «Үздік ұстаз» байқауынан ІІ орын, мұғалімдерге арналған Қазақстан интернет-олимпиада сында «Сертификат», аудандық педагогикалық оқулардан ІІІ орын алды. Жас ұрпаққа тәлімді тәрбиесін беруді мақсат етіп, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт бағдар беріп жүрген ұстаз еңбегі елеусіз емес. Білім беру саласы қызметкерлерінің аудандық, облыстық кәсіподақ ұйымының «Құрмет грамотасымен» марапат талуы оған дәлел болып табылады. Иә, біздің Светлана осындай. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл қоғамды қалыптастырады десек, осы мақсат жолында еңбектеніп жүрген мұғалімдер қауымына деген құрмет арта бермек. Олар жастардың болашағын айқындайды, бүгін еккен дәндері – ертеңгі жемісі. Сондықтан мәртебелі мамандық иесі Свет лана Андирқызының жетістікке толы еңбек жолы жалғасын таба беретініне сеніміміз мол. Г.МАРАТҚЫЗЫ, Аққала орта мектебінің мұғалімі, Аққала ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521