Біз сендермен біргеміз, қостанайлықтар!

Қоңыр күздің алғашқы күндерінің бірінде қызыл жалынға оранған Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы зардап шеккен ағайынға Дендер жұрты да қол ұшын созып қолдау көрсетті. Аудандық жастар ресурстық орталығы ұйтқы болған игілікті іске ортақтасып қолда барымен бөлісті. Орталықтағы «Әйіп қажы» мешітінің алдына қойылған «Газель» автокөлігіне гуманитарлық көмек лезде толтырылды.
-Аудандық ішкі саясат бөлімі және жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қостанай жеріндегі замандастарымызға жедел көмек беруді қолға алып отырмыз. Біздің бастамамызға аудан халқы мен еріктілері, мекемелер мен бөлімдері, «Талап» базарының кәсіпкерлері  мен қоғамдық ұйымдар өз үлестерін қосты. Сол үшін де жерлестерімізге алғыс білдіргіміз келеді. Мұндай қиыншылық енді қайталанбауын тілейміз,-дейді орталық жетекшісі Бекқайыр Есениязов.
Арнайы ашылған есепшотқа жекелеген тұрғындармен қатар аудандық «Дендер» газетінің журналистері мен қызметкерлері бір күндік жалақыларын аударды. Ағайынның аманаты болып табылатын 4 тонна жүкті тиеген көлік межелі жерге жеткен көрінеді.

 

С.ЕРСАЙЫНҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз