Биыл Аққала ауылында 90 орындық жаңа балабақша салынады


Индер ауданы Аққала ауылында 90 орындық балабақшаның құрылысы басталуда. Бұл туралы аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Алтынбек Габдуллин мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Екі қатарлы заманауи балабақшада асхана, жатын бөлме, ойын, медициналық, мұғалімдер бөлмесі, сондай-ақ логопед және психолог бөлмелері қаралған. Көлемі 1991,21 шаршы метр болатын нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

- Қазіргі таңда облысымыздың түпкір-түпкірінде заманауи талаптарға сай, кең әрі жарық, бүкіл керек-жарағымен толыққанды жабдықталған балабақшалардың саны артып келеді. Биыл сәуір айынан бастап Аққала ауылында да балабақша құрылысы басталуда. Балабақшаның жоба құны 484 млн теңгені құрайды. Ал, жоба қуаттылығы 90 орындық. Нысанға «Гранд Мастер» ЖШС мердігер мекемесі жауапты,-деді А.Габдуллин.

Оның айтуынша, аталған нысан бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталып, техникалық қадағалушы мекемемен келісімшарт жасақталуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз