Бірлік-береке бастауы

Жаңа Қазақстандағы жаңа сайлаудың алдына бұрын-соңды қойылмаған көптеген тың міндеттер мен игі мақсаттар қойылғаны мәлім.
Оны Қ.Тоқаевтың өзі де осы күзде халыққа арнаған Жолдауында: «Мен биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынамын. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын»,-деп атап көрсеткен еді.
Міне, бүгінде біз айтылған сөз бен істің бір жерден шығып, Президент сайлауының үлкен ұйымшылдық және топтасқандық жағдайында өткенін көріп отырмыз. Енді Президент сайлауынан соң Парламент сайлауы өтпекші.
Біз, осы сайлауда Президентті кандидаттықққа ұсынып, оған бір кісідей дауыс берген ардагерлер, енді Мәжіліске де жаңа адамдар еніп, Үкіметте тың серпін алып, сөйтіп, сеніміміз ақталады, алдағы мақсаттарымыздың орындалуына жол ашылады деп айтуға толық құқылымыз деп білемін.
Ең бастысы әлемдегі жағдай күрделеніп, шиеленісіп тұрған шақта, қауіпсіздік, бірлік, экономикалық-әлеуметтік тұрақтылық мәселелері күн тәртібінен түспей, оған осы саяси іс-шаралар оң септігін тигізсе деген тілекті жасырып қалғым келмейді.
Бұл сайлаудың еліміздегі конституциялық реформалардың жетістіктерін бекіте түсумен бірге, экономика мен әлеуметтік бағыттағы жаңа реформаларды одан әрі де тиімді жалғастырылып, күшейтуге де негіз салып береді деген үміттің оты көңілімізде одан әрі лаулай түсері сөзсіз.
Президентіміз БҰҰ 77-сессиясында: «Қазақстан Президенті ретінде ұстанымым-әрбір азамат тең мүмкіндіктерге ие әрі құқы қорғалған Әділетті Қазақстанды құру. Менің елімде әділдік салтанат құруы керек. Заң мен тәртіп қоғамымыздың негізі болады» деген еді.
Ендеше, біз жаңа Президентімізге дауыс бере отырып, еліміздің жан-жақты дамыған, зайырлы, әділеттілік орнаған орта қалыптасуына осылайша қолдау білдіріп отырмыз. Қазақстандағы береке-бірліктің негізгі ошағы халықтар бірлігі нығая берсін деген тілектемін.

 


Сүйеу ХАЛЫҚОВ,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521