Бетімен кеткен бозбалалар

Жақында аудандық ПБ-нің қызметкерлері «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде құқықбұзушылықтарды анықтады. Жалпы бұл іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың алдын-алу, жолын кесу және олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз ойын-сауық мекемелері мен тұрғын үй-жайлардан тыс аумақта болуын қадағалау болып табылады.

 

Айта кетейік, рейд кезінде аудан орталығында «Шаһар», «Рахат», «Нариман» кафелерінің иелеріне профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, түнгі 23:00-ден кейін мейрамханаларға жасөспірім балаларды заңды өкілдерінсіз кіргізбеуді айтып, түсіндірді. Ал «кезеген аяқ боқ басар» дегендей, көше кезген жасөспірімдер де рейд кезінде көзімізге түсті. Оларға АПБ-нің ЖПҚб-нің ЮПТ-ның аға инспекторы, полиция майоры Г.Құбашева ескерту жасап, түсінік жұмыстарын жүргізді. Жалпы, рейд кезінде ҚРӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігімен 5 жасөспірімге әкімшілік хаттама толтырылып, жазбаша ескерту жасалса, 127-баптың 1-бөлігімен 1 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, ісі сотқа жолданды.

Жалпы, түнгі сағат он бірден кейін жасы кәмелетке толмаған бала көшеде жүрмеуі тиіс. Ендеше, құрметті ата-ана, кешкі уақытта ұл-қызыңыздың жүрісіне тыйым салыңыз. Себебі, оларды оқыс жағдайдан сақтайтын өзіңіз ғана.

Д.АЙБАР.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521