Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде белгіленген жанар-жағармайдың шекті бөлшек сауда бағалары жарияланды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Президенттің 2022 жылғы 5 қаңтардағы "Әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы" тапсырмасына сәйкес 2022 жылғы 6 қаңтардан бастап Қазақстанда 180 күн мерзімге мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар келесі деңгейде белгіленді:
АИ маркалы бензин-80 – литріне 89 теңге;
АИ-92 маркалы бензин – литріне 182 теңге;
АИ-93 маркалы бензин – литріне 182 теңге;
АИ-95 маркалы бензин – литріне 215 теңге;
дизель отыны:
Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында литріне 260 теңге;
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында литріне 230 теңге.