Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегі мен 31 қазаны аралығында «Жайық-Каспий» бассейні аумағында бекіре және басқа да балық түрлерін заңсыз аулаудың, олардың айналымын анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Бекіре-2024» жедел алдын алу шара өткізілуде. Қазіргі таңда жеке құрам барынша іс-шараға жұмылдырылуда.
«Атырау-Индер», «Атырау-Орал» тас жолында мобильді бекеттер және жергілікті жерлерде айналма жолдарында бекіре және басқа да балық түрлерін заңсыз тасымалдауды анықтау мақсатында жылжымалы мобильдік топтар жұмыс атқаруда.
Бұдан басқа учаскелік полиция инспекторларымен «Жайық» өзенінің жағасына да бірнеше рейдтік жұмыстар жүргізілуде. Рейд кезінде заңсыз балық аулаған тұлғалар анықталған жағдайда тиісті шаралар қолданылатын болады.
Ғ.Жұмағалиев,
Индер ауданы ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция майоры